СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Репродуктивті денсаулық – әр қыз баланың жауапкершілігі
- Қаралды: 11
Қыз баланың денсаулығы – тек жеке мәселе емес, бұл қоғамның болашағына тікелей әсер ететін маңызды тақырып. Әсіресе, бұл – болашақ медицина қызметкерлері үшін аса өзекті мәселе.
Осы орайда №3 қалалық емхана жанындағы «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының гинеколог-дәрігері Динара Түсіпбекова «Республикалық медициналық академия» медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, «Репродуктивті денсаулықты сақтау. Ерте жүктіліктің алдын алу. Контрацепция әдістері» тақырыбында семинар өткізді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қыздар емін-еркін сұрақ қойып, өздерін толғандырған мәселелер жайлы айтты. Тақырыптар – интимдік гигиена, жоспарланбаған жүктіліктің қаупі, ЖЖБИ және қазіргі замандағы контрацепция әдістері болды.
«Біздің мақсат – тек ақпарат беру емес, қыздардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Ақпарат – күш. Ал алдын алу – өз болашағына деген қамқорлық», – дейді дәрігер Динара Түсіпбекова.