СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ

Република даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27
39-72-41
Біржан Сал көшесі, 1
Тіркеу орны:
54-70-73
39-72-41
Жылжымалы бригада
54-70-73,
+7-701-553-83-85
Пациенттерді қолдау қызметі
+77712640369

"Жас толқын" жастар орталығы

Құндылық – адамның ішкі бағыты: болашақ дәрігерлермен ашық сұхбат

№3 қалалық емхана мамандары жастардың психологиялық саулығы – дұрыс құндылықтардан басталады деп есептейді. Осы мақсатта Жастар денсаулық орталығы «Жас Толқын» психологы Диана Ильяшова Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінің» студенттерімен «Менің құндылықтарым» атты тренинг өткізді.
Бұл тек дәріс емес, болашақ мамандарға өздерін танып-білуге, ішкі ұстанымдарын қалыптастыруға көмектесетін пайдалы алаң болды. Қазіргі ақпараттық заманда, әлеуметтік қысым мен үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда мұндай кездесулердің маңызы зор.
Студенттер пікір айтып, жаттығуларға қатысып, өз ойларымен бөлісті. Қандай құндылықтар маған тән? Қандайы – сырттан таңылған? Қиын сәттерде ішкі тепе-теңдікті қалай сақтаймын?
«Адам өзінің өмірлік құндылықтарын анықтағанда, ол қандай жолмен жүру керектігін жақсы түсінеді. Бұл – нағыз маман болудың негізі», – деді психолог Диана Ильяшова.
Болашақ дәрігерлер үшін бұл аса маңызды: ішкі тұрақтылықты сақтау, күйіп кетпеу және әр науқасқа жанашырлықпен қарау – медицинадағы маңызды дағдылардың бірі.
  • 486193637_1105127521417567_937881678820760763_n
  • 487204508_1105127451417574_3616591868384287651_n
Component 9.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі сағат 11.00-13.00

Астана қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56

Тіркеу орны:
39-75-27 (Республика д. 56),
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ПАЦИЕНТТЕРГЕ
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • ГАЛЕРЕЯ
  • СҰРАҚ ҚОЮ
  • МӘМС
  • БАЙЛАНЫС
  • Вакцинация
  • COVID-19
  • Бақылау кеңесі
  • Комплеанс қызметі
  • Қызмет көрсету аумағы
  • БАҚ біз туралы