СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Алдын алу – амандық кепілі: колледж студенттері ЖЖБЖ туралы маңызды мәлімет алды
- Қаралды: 9
Бүгінде жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар (ЖЖБЖ) тақырыбы ашық әрі ғылыми негізде айтылуы тиіс. Әсіресе жастарға бұл бағытта ерте түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Өйткені дәл осы жаста денсаулыққа қатысты дұрыс көзқарас қалыптасады.
Осы мақсатта Қазақстан халықаралық колледжінде дерматовенеролог дәрігер Санат Бостанов ЖЖБЖ алдын алу тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара жастардың өз денсаулығына жауапты қарауын қалыптастыруға бағытталды.
Семинарда дәрігер жиі кездесетін инфекциялар — мерез, гонорея, хламидиоз және тағы басқа жұқпалар туралы түсіндіріп, олардың таралу жолдары, белгілері және алдын алу тәсілдері туралы айтты. Әсіресе, тосқауыл әдістері, уақытылы дәрігерге жүгіну және толық емделудің маңыздылығы ерекше аталды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Студенттер белсенді түрде сұрақ қойып, ой бөлісті. Дәрігер жастарға: «Репродуктивті денсаулыққа мән беру – ұят емес, саналы қадам» екенін айтты.