СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Ашық әңгіме: Туберкулез – дер кезінде анықталса, жеңуге болатын дерт
- Қаралды: 20
Туберкулез – денсаулық сақтау саласындағы әлі де өзекті мәселелердің бірі. Медицинаның дамығанына қарамастан, жыл сайын бұл дертке шалдыққандар саны азаймай отыр. Сондықтан дәрігерлердің міндеті – тек емдеп қана қоймай, жастарға аурудың алдын алу жолдарын түсіндіру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Осы мақсатта №3 қалалық емхананың мамандары М.Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжінде Ашық есік күнін өткізіп, студенттермен кездесті. Шара «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестиция саламыз, әрекет етеміз!» деген ұранмен өтті.
Кездесу барысында студенттер флюорографиядан өтіп, туберкулездің алғашқы белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат алды.
Мамандар бұл дерттің иммунитет әлсіреген кезде, дұрыс тамақтанбаған жағдайда, күйзеліс кезінде асқынуы мүмкін екенін еске салды. Қуантатыны – жастар белсенділік танытып, сауалдарын қойып, пікір алмасты.