СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Жүректен шыққан жылулық – балаларға
- Қаралды: 3
Астана қаласындағы «Үміт» дағдарыс орталығында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ерекше мейірімді, қуанышқа толы шара өтті.
Шараны №3 қалалық емхана жанындағы «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығы мен «Жүректен жүрекке» еріктілер клубы бірлесе ұйымдастырды. Басты мақсат – балаларға қуаныш сыйлау, олар жалғыз емес екенін сезіндіру және мейірімділік арқылы үміт отын жағу еді.






Бұл кеште балалар шынайы қуанып, жан жылуын сезінді. Ең маңыздысы – оларды тыңдайтын, түсінетін және қолдайтын жандардың жанында екенін ұғынды.
