СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Темекіден бас тарту – еркін өмірдің бастауы
- Қаралды: 4
Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні аясында №3 қалалық емхана дәрігері, салауатты өмір салтын ұстану жөніндегі маман Азат Нұрмағамбетов Сервис және туризм колледжінің 1 курс студенттерімен арнайы семинар өткізді.
Семинар барысында шылым шегудің зияны ғана емес, жастарды оған итермелейтін себептер мен қоршаған ортаның ықпалы да кеңінен талқыланды.



Азат Нұрмағамбетов дәрісін өмірлік мысалдармен, медициналық фактілермен және интерактивті сұрақ-жауап арқылы жандандырды.
