СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Студенттер ОСМС жүйесінде: өз құқықтарыңды біл
- Қаралды: 47
Студенттер ОСМС жүйесінде: өз құқықтарыңды біл
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында №3 қалалық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі студенттерімен «Студенттер МӘМС жүйесінде» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында маман келесідей сұрақтарға тоқталды:
— кімдер сақтандырылған тұлға болып есептеледі және мемлекет есебінен кімдерге төлем жүргізіледі;
— студенттерге арналған қызмет түрлері мен олардың алу тәртібі;
— тегін медициналық көмек пен МӘМС жүйесінің айырмашылығы;
— eGov және мобильді қосымшалар арқылы сақтандыру мәртебесін тексеру жолдары.

