СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Қызғылт қазан»: Ерте анықтау – денсаулық кепілі
- Қаралды: 123
«Қызғылт қазан»: Ерте анықтау – денсаулық кепілі
«Қызғылт қазан» айлығы аясында, яғни сүт безі обырының алдын алу және ерте анықтау мақсатында, Астана қаласындағы №3 қалалық емханада «Ерте анықтау – денсаулық кепілі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды емхананың гинеколог-дәрігері жүргізіп, әйелдер денсаулығын қорғауда ерте тексерудің және тұрақты бақылаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында дәрігер келесі тақырыптарды қамтыды:
— сүт безін өздігінен тексеру әдістері;
— жыл сайын маммография мен УДЗ тексерулерінен өту қажеттілігі;
— дұрыс тамақтану мен өмір салтының рөлі;
— алғашқы белгілер мен дәрігерге уақтылы жүгінудің маңызы.

