СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Тұмауға қарсы екпеден кейінгі ағзаның реакциясы
- Қаралды: 71
Тұмауға қарсы екпеден кейінгі ағзаның реакциясы
Тұмауға немесе ЖРВИ-ға қарсы вакцинадан кейін ағзаның жеңіл реакциялары болуы — бұл қалыпты жағдай! 
Екпе салынған жерде аздаған ауырсыну немесе қызару, әлсіздік, 37,5 °C-қа дейінгі дене қызуы байқалуы мүмкін. Мұндай белгілер — ағзаның вирусқа қарсы иммундық қорғаныс қалыптастырып жатқанын көрсетеді. Әдетте олар 1–2 күн ішінде өздігінен өтеді.
Алайда, егер дене қызуы 38 °C-тан жоғары болып, екі тәуліктен ұзаққа созылса, күшті аллергиялық реакция немесе жалпы жағдайдың күрт нашарлауы байқалса — дәрігерге қаралу қажет.
№3 Қалалық емхананың терапевт дәрігері Каирова Акмарал Естаевнаның айтуынша, мұндай ауыр жағдайлар өте сирек кездеседі. Көп жағдайда вакцина жақсы қабылданады және тұмаудың ауыр асқынуларынан сенімді қорғайды.

