СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ

Република даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27
39-72-41
Біржан Сал көшесі, 1
Тіркеу орны:
54-70-73
39-72-41
Жылжымалы бригада
54-70-73,
+7-701-553-83-85
Пациенттерді қолдау қызметі
+77055345855

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖРВИ-МЕН ЖӘНЕ ТҰМАУМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫҢ ӨСУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ КҮШЕЙТУДЕ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖРВИ-МЕН ЖӘНЕ ТҰМАУМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫҢ ӨСУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ КҮШЕЙТУДЕ
Денсаулық сақтау министрлігі вирустық инфекциямен және тұмаумен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты эпидемияға қарсы шараларды күшейтуде.
Жыл сайын республикада ЖРВИ-дің 3-тен 4 млн-ға дейінгі жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейінгі жағдайы тіркеледі. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап) ЖРВИ-дің 1 461 819 жағдайы тіркелді, бұл өткен 2024-2025 жылдардағы эпидемиялық маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмен (1 678 904 жағдай).
Соңғы аптада елде ЖРВИ-дің 183 074 жағдайы тіркелді, бұл өткен маусымның ұқсас аптасынан 16%-ға жоғары.
Маусым басынан бері тұмаудың 590 зертханалық расталған жағдайы анықталды, оның ішінде:
* 587 жағдай — А типі (H3N2), Қазақстанда 2001 жылдан бері айналымда жүрген «Гонконг тұмауы»;
* 3 жағдай - А типі (H1N1).
Ағымдағы жылы тұмау вирустарының айналымы 41 аптада (қазан айының бірінші жартысында) басталды, бұл өткен маусымға қарағанда біршама ертерек. Қазақстан аумағында бұрын кездеспеген тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ.
ЖРВИ және тұмау белгілері бар пациенттер тұмау емес вирустарға да тексеріледі. Риновирустардың, парагрипп вирустарының, аденовирустың, бокавирустың, коронавирустың, РС вирусының және метапневмовирустың айналымы байқалады.
Аурудың жалпы құрылымында 0-14 жастағы балалар 66%-ды, ересектер 34%-ды құрайды.
Соңғы аптада оқушылардың арасында ЖРВИ-дің 6 мыңнан астам жағдайы және тұмаудың 13 жағдайы тіркелді; эпидепроцеске оқушылардың шамамен 4%-ы тартылды.
Бүгінгі күні тұмауға қарсы 2,1 млн адам вакцинациялаудан өтті, егу А (H3N2) қоса алғанда, өзекті айналымдағы штамдардан қорғауды қамтамасыз етеді.
Халықты эпидемияға қарсы қорғауды қамтамасыз ету және уақтылы медициналық көмек көрсету мақсатында мынадай шаралар іске асырылуда:
* ЖРВИ және тұмау белгілері бар пациенттер үшін медициналық ұйымдарға кіре берісте «сүзгілер» ұйымдастырылды; температуралық және дезинфекциялық режимдердің сақталуы күшейтілді, мекемелердің санитариялық жағдайына бақылау жүргізіледі.
Component 9.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі
сағат 11.00-13.00

Астана қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27 (Республика д. 56),
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • МӘМС
  • ГАЛЕРЕЯ
  • Комплеанс қызметі
  • БАҚ біз туралы
  • БАСТЫ
  • СҰРАҚ ҚОЮ
  • Бақылау кеңесі
  • Қызмет көрсету аумағы
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ПАЦИЕНТТЕРГЕ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • Мемлекеттік қызметтер
  • МЦЗ "Жас толқын"