СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Өзгелерді құтқару жолында өмірін қиған фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алу минутына арналады
- Қаралды: 41
Өзгелерді құтқару жолында өмірін қиған фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алу минутына арналады
Ертен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алқа отырысы Астанада кәсіби борышын орындау кезінде қайғылы қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталады.
18 қарашада әріптесіміздің өмірден озғанын терең қайғыра хабарлаймыз. Ол Астанада тұрғын үй кешенінің құлауынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету кезінде өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алды. 8 қарашадан бастап дәрігерлер оның өмірі үшін жанқиярлықпен күресті, бірақ, өкінішке орай, алған жарақаттары өлімге әкелді.
Ол өз ісіне адал, батыл және жанашыр — соңғы сәтке дейін өз орнында қалған нағыз маман болды.
Туған-туыстары мен жақындарына ең терең қайғымызды білдіреміз. Біз сіздердің қайғыларыңызды бөлісеміз.
Әріптесіміздің жатқан жері жарық болсын.
№3 Қалалық емхана ұжымы

