СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
- Қаралды: 33
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — мемлекеттің егемендігін, саяси тұрақтылығын және ұлттық дамуын айқындайтын маңызды мемлекеттік мереке. Бұл күн Қазақстанның дербес даму жолын таңдағанын, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыруға бағытталған ұстанымын білдіреді.
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара ел тарихына деген құрмет пен қазіргі жетістіктерді бағалауға арналды. Шара барысында Тәуелсіздік жолында еңбек еткен және ел тағдыры үшін күрескен азаматтардың рухына тағзым етілді.
Сондай-ақ бүгінгі таңда ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегі ерекше аталып өтті. Қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер «Ақниет» кәсіподағы тарапынан марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
№3 Қалалық емхананың ұжымы Тәуелсіздіктің құндылықтарын берік ұстана отырып, халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетіп келеді. Бірлік, жауапкершілік пен кәсібилік — еліміздің игілігі жолындағы ортақ еңбегіміздің негізі.

