СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ

Република даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27
39-72-41
Біржан Сал көшесі, 1
Тіркеу орны:
54-70-73
39-72-41
Жылжымалы бригада
54-70-73,
+7-701-553-83-85
Пациенттерді қолдау қызметі
+77055345855

2026 жылы азаматтардың электрондық цифрлық төлқұжаты іске қосылады.

2026 жылы азаматтардың электрондық цифрлық төлқұжаты іске қосылады. Онда науқастың ауру тарихы, сараптама нәтижелері түгел тіркеледі. Мұның науқасқа, дәрігерге қандай пайдасы бар? Жаңашылдықтың артықшылығы неде? Электронды денсаулық төлқұжаты бұған дейін де қолданыста болған. Бұл жолғысы жетілдірілген нұсқасы. Денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялаудың нәтижесінде енді науқастың медициналық, клиникалық мәліметтері бір жерде тоғыстырылады. Ал тексеру қортындыларын жылдам талдауға ЖИ көмектеседі. Асқар Арғынбаев, ҚР ДСМ Электронды денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры: - Қазірге дейін бізде медициналық мәліметтер азаматтарымыз бойынша тек үстіртін ғана ақпарат болатын, талдауға келе бермейтін. Келесі жылдан бастап, біз медициналық ұйымдарда кез келген көрсетілген медициналық көмектегі толыққанды ақпаратты, оның ішінде клиникалық, медициналық мәліметтер, олардың сол медициналық ұйымдардан алған барлық медициналық ем-шаралары, олардың диагноздары туралы толыққанды ақпарат, барлығы орталықтандырылған жүйеде жасалатын болады. Ол дегеніміз мәліметтің барынша көптігі, ЖИ жүйесіне енгізуге зор мүмкіндік береді. Толыққанды ақпаратты жеке медициналық ұйымдар да, МӘМС жүйесінде жұмыс істейтін ауруханалар да енгізіп отыруға міндетті. Кейін барлық дерек егов порталының "е-Денсаулық" тарауына салынады. Нұрлыбек Мыңбасы, №3 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері: - Бұл электронды медициналық төлқұжаттың көмегімен, егер науқас басқа медициналық мекемелерге ауысқан жағдайда, басқа қалаларға ауысқан жағдайда, сол бірыңғай цифрлық жүйе арқылы өзінің ауру тарихын басқа дәрігерлерге көрсетіп, тек қана дәрігерлер мен науқасқа ғана рұқсат берілетін жүйе болып табылады. Зәуре Дүйсебаева Астанадағы №3 емханада 20 жылдан бері ем алып жүр. Бірнеше диагнозы бар, сондықтан ұдайы дәрігердің бақылауында. Зейнеткер медициналық көрсеткіштерінің онлайн қолжетімді болғанына дән риза. Зәуре Дүйсебаева, науқас: - Өте тиімді болды. Өйткені бұрын карточкамен келетінбіз. Біресе жоғалады, біресе іздеу керек. Қазір енді врачқа келгенде, ол кісі менің ИИН-імді көреді де бүкіл анализдарымды, бүкіл информацияларын қарап отырады. Сол бізге өте ұнайды. Иә, науқасқа қойылған диагноздар, ішкен дәрі-дәрмегі, аллергиялық реакцияның бар-жоғы, операция жайлы деректер бір жерде жинақталады. Ақпараттық жүйені интеграциялау дәрігерлердің жұмысын 40 пайызға жеңілдеткен.

Component 9.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі
сағат 11.00-13.00

Астана қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27 (Республика д. 56),
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • МӘМС
  • ГАЛЕРЕЯ
  • Комплеанс қызметі
  • БАҚ біз туралы
  • БАСТЫ
  • СҰРАҚ ҚОЮ
  • Бақылау кеңесі
  • Қызмет көрсету аумағы
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ПАЦИЕНТТЕРГЕ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • Мемлекеттік қызметтер
  • МЦЗ "Жас толқын"