СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Менталдық саулық — басты құндылық: Болашақ медиктерге психологиялық қолдау
- Қаралды: 29
Менталдық саулық — басты құндылық: Болашақ медиктерге психологиялық қолдау
Студенттік өмірдің алғашқы белесі — бұл тек білім жинау ғана емес, сонымен қатар үлкен психологиялық бейімделу кезеңі. Осы жауапты сәтте жастардың ішкі тепе-теңдігін сақтап, эмоционалдық тұрақтылығын нығайту — біздің мамандардың басты міндеттерінің бірі.
2026 жылдың 10 ақпанында №3 Қалалық емхана жанындағы «Жас-Толкын» Жастар денсаулық орталығының психологы Д.Ж. Ильяшова «Медико-техникалық колледжі» ЖШС-нің 1-курс студенттеріне арнап «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында мазмұнды семинар өткізді.
Кездесудің негізгі аспектілері:
Эмоционалдық гигиена: Студенттермен күйзелістің алғашқы белгілерін тану және ішкі мазасыздықпен экологиялық жолмен күресу әдістері талқыланды.
Жизнестойкость (резильенттілік): Қиын сәттерде ішкі тірек табу және өмірлік қиындықтарды жеңудің психологиялық тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Кәсіби жауапкершілік: Болашақ медицина мамандары үшін өзінің менталдық саулығын сақтау — сапалы кәсіби қызметтің кепілі екені атап өтілді.
Маман түйіні: «Біздің мақсатымыз — жастарға кез келген тығырықтан шығудың жолы бар екенін және ең басты құндылық — адамның өмірі мен оның жан тыныштығы екенін ұғындыру».

