СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Менталдық саулық — сауығудың негізгі тетігі
- Қаралды: 33
Тән саулығы мен жан саулығының үндесуі — дерттен тез айығудың басты кепілі. Біздің емханада әрбір пациенттің тек физикалық жағдайына ғана емес, сонымен бірге оның эмоционалдық тепе-теңдігіне де ерекше көңіл бөлінеді.
2026 жылдың 11 ақпанында Республика, 56 мекенжайында орналасқан №3 Қалалық емханада келушілер мен емделушілер арасында «Науқастың психикалық денсаулығы!» тақырыбында мазмұнды ағартушылық шарасы өтті. Сұхбатты ЖДО «Жас Толкын» психологы Д.Ж. Ильяшова жүргізді.
Кездесудің басты тақырыптары:
Психологиялық тұрақтылық: Психолог ішкі күйзелістің физикалық денсаулыққа әсері туралы тереңнен толғап, жағымды көңіл-күйдің емдік қасиетіне тоқталды.
Эмоционалдық гигиена: Науқастар ауру кезіндегі мазасыздықты жеңудің және ішкі тыныштықты сақтаудың қарапайым, бірақ тиімді әдістерін меңгерді.
Қолдау мәдениеті: Кездесу барысында психологиялық көмекке жүгіну — сауығу жолындағы саналы қадам екендігі айтылды.
Маман түйіні: «Психикалық денсаулық — бұл адамның өмірлік қиындықтарға төтеп бере алу қабілеті. Біздің мақсатымыз — емханамыздың әрбір келушісіне рухани қолдау көрсетіп, олардың тезірек аяққа тұрып кетуіне септігімізді тигізу».

