СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Z және Альфа ұрпағы: мотивация және тәрбие жұмысының жаңа стандарттары»
- Қаралды: 19
МЦЗ «Жас Толқын» мамандары және Городская поликлиника №3 профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары мен психологтарына арналған «Z және Альфа ұрпағы: мотивация және тәрбие жұмысының жаңа стандарттары» тақырыбында конференция өткізді.
Конференция барысында қатысушылар заманауи жасөспірімдердің құндылықтары, мінез-құлық ерекшеліктері және олармен тиімді жұмыс жүргізу тәсілдерін талқылады. Қатысушылар тақырыпқа белсенді қызығушылық танытып, пікір алмасып, өз сұрақтарына мамандардан нақты әрі түсінікті жауап алды. Іс-шара соңында қатысушыларға әдістемелік материалдар таратылып, естелік сыйлықтар берілді.

