СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
№3 ЕМХАНАДАҒЫ «ДЕНСАУЛЫҚ КОРПОРАТИВІ»: ДӘРІГЕРЛЕР СПОРТТЫ ТАҢДАЙДЫ!
- Қаралды: 30
Ақ халатты абзал жандар бұл жолы кәсіби киімдерін спорттық формаға ауыстырып, нағыз белсенділіктің үлгісін көрсетті! 7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында емхана ұжымы үшін нағыз спорт мерекесі ұйымдастырылды.
Біржан сал, 1 мекенжайындағы таза ауада өткен бұл шараның негізгі идея авторы әрі ұйымдастырушысы — СӨС дәрігері Әмірова Диана Мұратханқызы мен «Жас Толқын» ЖДО.
Сайыс айдарлары:
• «Денсаулық тамшысы» — қолдың көмегінсіз ептілікті тексеру;
• «Денсаулық маршруты» — жылдамдық пен логикаға негізделген секірулер;
• «Белсенділік формуласы» — секіртпе мен допты серік еткен энергияға толы спринт.
Шынайы эмоциялар мен командалық рух бұл демалыс күнді ұмытылмас етті. Сайыс соңында қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Түйін: Денсаулық өзімізден басталады! №3 емхана дәрігерлері салауатты өмір салтын тек сөзбен емес, іспен дәлелдеп келеді.

