СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Уақыт таспасы: Өткеннің тағылымы, осы шақтың қуаты және болашақтың бағдары
- Қаралды: 9
Адам баласы — өз тарихының жемісі, бүгінгі күннің иесі және болашағының сәулетшісі. Өз «Менін» табу сапары уақыт пен кеңістіктің терең байланысын түсінуден басталады. Әсіресе, тұлғалық қалыптасу кезеңіндегі бірінші курс студенттері үшін бұл интроспекцияның маңызы зор.
Сервис және туризм колледжінде №3 Қалалық емхананың білікті психологы Д.Ж. Ильяшова «Өткен шақ. Осы шақ. Келешек.» тақырыбында танымдық семинар-тренинг өткізді.
Өткен шақ — тәжірибе мен тамыр: Студенттер өз өткеніне ретроспекция жасап, бойындағы күш-қуаттың қайнар көзін, ата-баба дәстүрі мен отбасылық құндылықтардың тұлға ретінде қалыптасуына тигізген әсерін саралады.
Осы шақ — саналы таңдау: Бүгінгі күннің мүмкіндіктерін бағалау, «осында және қазір» қағидасымен өмір сүру және эмоционалдық тұрақтылықты сақтау жолдары талқыланды.
Келешек — мақсат пен арман: Болашақ сервис мамандары өздерінің кәсіби бейнесін жоспарлап, мақсат қою (целеполагание) дағдыларын дамытты.
«Біз студенттерге тек психологиялық қолдау беріп қана қоймай, олардың бойындағы уақыт сабақтастығын сезіну қабілетін оятқымыз келді. Өз тарихын құрметтеген және бүгініне жауапкершілікпен қараған жас қана жарқын болашақты құра алады».

