СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Денсаулық – басты байлық: Колледжімізде туберкулездің алдын алу шаралары талқыланды
- Қаралды: 5
Бүгін Медико-техникалық колледжінің қабырғасында студенттер мен оқытушылар үшін аса маңызды дәріс өтті. Білікті дәрігер-дерматовенеролог С.Ж. Бостановтың қатысуымен «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында танымдық семинар ұйымдастырылды.
Жиын барысында маман дерттің алғашқы белгілері, жұғу жолдары және заманауи сақтану шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Семинар тек теориялық біліммен шектелмей, қатысушылардың көкейінде жүрген сауалдарына тұщымды жауаптар берілген ашық диалог алаңына айналды.
Шара соңында қатысушыларға ақпараттық-оқыту материалдары (АОМ) таратылды. Бұл жадынамалар әрбір студенттің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізбек.
Саулығыңыз өз қолыңызда! Алдын алу – емнен де тиімді.

