СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Тазалық — саулық кепілі, ал айналаның тазалығы — ұлт саулығының негізі!
- Қаралды: 4
Бүгін біздің емхана ұжымы елімізде кең қанат жайған #ТазаҚазақстан республикалық экологиялық акциясына үлкен құлшыныспен қосылды. Медицина қызметкерлері тек адам жанының шипагері ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның жанашыры екенін іс жүзінде дәлелдеді.
Бұл шара — жай ғана сенбілік емес, бұл — туған өлкемізге деген құрмет пен экологиялық мәдениеттің көрінісі. Біз емхана аумағын абаттандырып, тазалық жұмыстарын жүргізу арқылы әрбір азаматты қоршаған ортаға бей-жай қарамауға шақырамыз.
Біздің мақсатымыз — келушілеріміз үшін жайлы орта қалыптастырып, болашақ ұрпаққа таза әрі жасыл қала аманаттау.
Тазалық өз табалдырығымыздан басталады! Баршаңызды игі бастаманы қолдауға шақырамыз!

