СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
ЖЖБИ алдын алу және репродуктивті денсаулық
- Қаралды: 4
Жоғары көлік және коммуникациялар колледжінде МЦЗ «Жас Толқын» дерматовенеролог дәрігері Бостанов С.Ж. «Репродуктивті денсаулық. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Кездесу барысында студенттерге репродуктивті денсаулықты сақтау, инфекциялардың берілу жолдары және олардың алдын алу шаралары туралы маңызды ақпарат берілді. Сонымен қатар, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және дер кезінде дәрігерге қаралу қажеттілігі атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық-оқыту материалдары (ИОМ) таратылды.

