СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Туберкулездің алдын алу – денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы
- Қаралды: 9
№3 Қалалық емханасының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің мамандары емхана пациенттері арасында «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында туберкулездің алғашқы белгілері мен негізгі симптомдары, аурудың таралу жолдары және оның алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.
Мамандар ауруды ерте анықтаудың маңыздылығына тоқталып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға және профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақырды.
Аурудың алдын алу – денсаулықты қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі!

