СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Спорт, денсаулық, достық!» ұранымен «Көңілді старттар» спорттық іс-шарасы өтті
- Қаралды: 6
2026 жылғы 19 қарашада Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі «Көңілді старттар» атты «Спорт, денсаулық, достық!» ұранымен спорттық іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараға 3 команда қатысты: емхана қызметкерлері, колледж студенттері және колледж оқытушылары. Қатысушылар спорттық эстафетаның түрлі кезеңдерінде жылдамдық, ептілік, төзімділік, ұйымшылдық пен командалық рухтарын көрсетті.
Спорттық сайыс көтеріңкі көңіл күйде, достық, өзара қолдау және позитивті эмоцияларға толы атмосферада өтті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, жеңіске деген ұмтылысын, командалық бірлігін және нағыз спорттық рухын көрсетті. Бұл іс-шара қатысушыларға өз күштерін сынап қана қоймай, достық қарым-қатынасты нығайтуға, сергектік пен жақсы көңіл күй сыйлауға мүмкіндік берді.
Сайыс қорытындысы бойынша емханамыздың командасы II орынға ие болды!
Командамызды лайықты нәтижемен құттықтаймыз! Іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен қонақтарға белсенділігі, қолдауы және қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!


