СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Енді оның міндеттеріне пациенттерді қабылдау үшін бөлме дайындау, дәрігер қабылдауына келген пациенттердің ағынын реттеу, электронды бланкілер мен жолдамаларды толтыру, медициналық манипуляцияларды орындау кіреді.Қажет болған жағдайда, Эльвира Наурызбекқызы шұғыл көмек көрсетеді. Сонымен қатар, оның емханадағы жұмысы: диспансерлік пациенттерді бақылау, сондай-ақ пациенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Кәсіби мерекемен алғаш рет құттықтауларды осы күні №3 қалалық емхананың учаскелік медбикесі Балакина Карина Руслановна алды. Оның жұмыс өтілі бір жылдан аспайды. Бұл емхананың ең жас және болашағы зор мамандарының бірі.
Мереке кейіпкерлеріне мерекелік концерт берілді, олардың құрметіне құттықтаулар мен ізгі тілектер айтылды. Ал ең үздік мамандық иелеріне грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Жоба авторлары - ҚР ЕХӘҚМ, ДСМ, ЦДИАӨМ. МАЖ-дар, соның ішінде Damumed компаниясы электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін дәрігерлерге цифрлық құралды ұсынады.
Халықаралық медбикелер күніне 150 жылдан астам уақыт толса да, оны атап өту шарасы алғаш рет 1953 жылы басталған-ды. Бірақ, 1965 жылдың қаңтар айында ғана бұл күн ресми түрде тіркеліп, дүниежүзілік мәртебеге ие болды. Бұл күні әлемнің 141 мемлекетінің медбикелері бас қосып, Халықаралық медбикелер кеңесінің (International Council of Nurses) негізін қалаған болатын. Медбикелер кеңесі 1974 жылы Халықаралық медбикелер күнін мамырдың 12-сінде, яғни қайырымдылық қызметтің қазығын қаққан Флоренс Найтингейл туған күніатап өту керек деген шешімге келді. Мәне, содан бері бұл күні дүниежүзі бойынша Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі.