СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ

Република даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27
39-72-41
Біржан Сал көшесі, 1
Тіркеу орны:
54-70-73
39-72-41
Жылжымалы бригада
54-70-73,
+7-701-553-83-85
Пациенттерді қолдау қызметі
+77055345855

Жастар орталығы

«ЖАС ТОЛҚЫН» ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

  Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК құрамында «Жас Толқын» Жастар денсаулық орталығы.

 

  Жастардың денсаулық орталығы (ЖДО) — бұл жасөспірімдердің жастық ерекшеліктерінен туындайтын денсаулықты сақтау мәселелері бойынша кешенді медициналық және әлеуметтік көмек көрсететін, еріктілік, қолжетімділік, мейірімділік және сенім принциптеріне негізделген мекеме.

  Жасөспірімдер мен жастарға арналған сенім телефоны:

54 70 23

  Негізгі мақсат — жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау және нығайту, жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.

    Негізгі міндет — жастарға кешенді, соның ішінде кеңес беру, медициналық және психологиялық көмек көрсету.

  «Жас Толқын» Жастардың денсаулық орталығы 2008 жылы құрылған. «Жас Толқын» жастардың денсаулық орталығында 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға көмек көрсетіледі. Мұнда сіз келесі мәселелер бойынша мамандардан кеңес ала аласыз:

  • Репродуктивті денсаулық;
  • Отбасы жоспарлау және контрацепция;
  • Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, АИТВ-инфекциясының алдын алу;
  • Психикалық денсаулық;
  • Алкоголизм, нашақорлық және темекі шегуге қарсы профилактика;
  • Рационалды тамақтану;
  • Стресс және депрессияның алдын алу;
  • Оқыс жағдайлар мен жарақаттануды болдырмау;
  • Жақсы қатынастар мен зорлық-зомбылық, буллинг мәселелері;
  • Құқықтық кеңес беру;
  • Әлеуметтік кеңес беру;
  • Индивидуалды психологиялық кеңес беру;
  • Ерте жүктілікке психологиялық қолдау көрсету, суицидалды мінез-құлық және депрессивті жағдайлардың алдын алу бойынша тренингтер, семинарлар, бейімделу процесі.

Біздің орталықта жастар мамандардан келесі мамандықтар бойынша тегін кеңес ала алады:

  • Гинеколог дәрігері;
  • Дерматовенеролог дәрігері;
  • Заңгер;
  • Психолог;
  • Әлеуметтік қызметкер.

  МЦЗ «Жас Толқын» мамандары түрлі іс-шаралар ұйымдастырады, соның ішінде ашық есік күндері, акциялар, спорттық шаралар, конференциялар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, әңгімелесулер, еріктілерді даярлау және т.б.

   «Жас Толқын» ЖДО гинеколог дәрігері репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша, ерте жүктіліктің алдын алу, соның ішінде АИТВ-инфекциясының алдын алу, отбасын жоспарлау бойынша іс-шаралар өткізеді.

  «Жас Толқын» МЦЗ дерматовенеролог дәрігері репродуктивтік денсаулықты қорғау, жасөспірім ұлдарды жыныстық тәрбиелеу, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеде.

  Психологтар жасөспірімдердің коммуникативті және көшбасшылық қасиеттерін дамыту, аутоагрессивті және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу және стресс төзімділігін арттыру бойынша тренингтер өткізеді.

  СӨС дәрігері жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын ұйымдастырады, соның ішінде спорттық шаралар, мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу бойынша денсаулық мектебі және т.б.

  «Жас Толқын» Жастардың денсаулық орталығы негізінде «Жүректен жүрекке» еріктілер клубы жұмыс істейді, оның құрамында Астана қаласының колледждері мен университеттерінің студенттері бар. Клубтың мақсаты — өскелең ұрпақтың эмпатия, мейірімділік, қызығушылық, көшбасшылық және қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

  МЦЗ «Жас Толқын» басқа ұйымдармен өзара әрекеттеседі:

  1. Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы»
  2. АИТВ алдын алу орталығы және олардың ҮЕҰ
  3. Астана қаласы психикалық денсаулық орталығы
  4. Қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы
  5. Ювеналды полиция, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі полиция
  6. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті
  7. «ҮМІТ» дағдарыс орталығы
  8. «АНА ҮЙІ» қайырымдылық қоры
  9. «АҚНИЕТ» қайырымдылық қоры
  10. Паралимпияда дайындық орталығы және т.б.

 

Жастардың денсаулық орталығы «Жас Толқын» мекен-жайы:

Астана қаласы, Биржан Сал көшесі, 1.

 

   Орталықта сенім телефоны жұмыс істейді: 8 (7172) 54-70-23, сіз психологтық қолдау алу үшін хабарласа аласыз. Сенім телефонына қоңырау шалу анонимді түрде жүзеге асырылады, және ақпарат толық құпия сақталады.

Component 9.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі
сағат 11.00-13.00

Астана қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27 (Республика д. 56),
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • МӘМС
  • ГАЛЕРЕЯ
  • Комплеанс қызметі
  • БАҚ біз туралы
  • БАСТЫ
  • СҰРАҚ ҚОЮ
  • Бақылау кеңесі
  • Қызмет көрсету аумағы
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ПАЦИЕНТТЕРГЕ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • Мемлекеттік қызметтер