СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Қазтұтынуодағы жоғары колледжі» — «Сенім коды: бір-бірін сөзсіз қалай түсінуге болады»
- Қаралды: 11
2026 жылғы 2 қарашада психолог Ильяшова Д.Ж. «Қазтұтынуодағының Жоғары колледжі» мекемесінде бухгалтерия мамандығы бойынша білім алатын студенттерге «Сенім коды: бір-бірімізді сөзсіз қалай түсінуге болады?» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында студенттердің бейімделу қабілеттері, тыңдай білу және түсіну дағдылары, қарым-қатынас жасау және командада жұмыс істеу дағдылары дамытылды. Сонымен қатар қатысушылардың өзара ынтымақтастығы мен топтық бірлігі нығайып, шығармашылық қабілеттері, сыни ойлау дағдылары және ұсақ моторикасы жетілдірілді.
Тренингке қатысқан әрбір студент өз бойындағы жаңа мүмкіндіктерді ашып, бір-бірін жақынырақ танып, жақсырақ түсіне алды.
Тренинг соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға арнайы әзірленген ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.


