СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
«Сенім коды: бір-бірімізді сөзсіз қалай түсінуге болады?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізд
- Қаралды: 2
2026 жылғы 4 қарашада психолог Ильяшова Д.Ж. КММ «№39 кешкі (ауысымды) мектеп» оқушыларына арналған «Сенім коды: бір-бірімізді сөзсіз қалай түсінуге болады?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – коммуникативтік дағдыларды дамыту, тұлғааралық қарым-қатынасты нығайту, ұжымның ауызбіршілігін арттыру және сенімді қарым-қатынас атмосферасын қалыптастыру.
Тренинг барысында қатысушылар өзара түсіністікті дамытуға, бір-бірін тыңдай білуге, эмоциялар мен вербалды емес белгілерді тануға, өз ойлары мен сезімдерін жеткізуге, сондай-ақ сындарлы қарым-қатынас орнатуға бағытталған интерактивті психологиялық жаттығулар орындады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыйластықтың, қолдаудың, жанашырлықтың және сенімнің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Практикалық тапсырмалар оқушыларға бір-бірін жақынырақ тануға, бірлескен іс-әрекетте өздерін көрсетуге және өзара түсіністік үшін тек сөз ғана емес, сонымен қатар ым-ишара, бет-әлпет қимылы, зейін мен шынайы қарым-қатынастың да маңызды екенін түсінуге мүмкіндік берді.
Тренингтің басты ойы: сенім бір-бірімізді түсінуден, қабылдаудан және құрметтеуден басталады!


