СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
ДИО: оптимизм: ішкі тірек және өмір сапасы» тақырыбында психологиялық мастер-класс өткізді
- Қаралды: 2
11.11.2026ж. Қант диабетімен күресудің Дүниежүзілік күніне орайластырылған Ұлттық бағдарлама аясында психолог Ильяшова Диана Жайыққызы «Медициналық-техникалық колледж» 2 курс студенттеріне «ДИО: оптимизм: ішкі тірек және өмір сапасы» тақырыбында психологиялық мастер-класс өткізді.
Мастер-класс барысында қатысушылар денеге бағытталған терапия және арт-терапия элементтері бар жаттығулар орындады. Пластилин, гуашь, түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлерді пайдалана отырып, студенттер шығармашылық арқылы ауру кезіндегі сезімдерін, эмоцияларын, уайымдарын және өздерін қалай қабылдайтынын бейнеледі.
Кездесу барысында ішкі ресурстарды тануға, позитивті ойлауды дамытуға, эмоционалдық тұрақтылықты нығайтуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ерекше назар аударылды.


